Ашық сабақ » Датұлы ЖОМ
Түркістан облысы
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
"Датұлы атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2018

Ашық сабақ

3 cынып Досаева Айгүл Болабекқызы
Сабақтың тақырыбы: « Жарқын болашақ: білімді ұрпақтың еншісіндеǃ»
Сабақтың мақсаты: Bilgen OySana (Білген ОйСана) – оқушының интеллектуалды қабілетін арттыруға бағытталған қосымша оқу жүйесі. Bilgen OySana (Білген ОйСана) методикасы логика және менталды арифметикаға негізделген. Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты:
1.Оқушыларды жаңашылдықпен талаптандыру.
2.Білім беру құрлымын өзгерту.
3.Сын тұрғысынан ойлау.
4.Зерттеу,зерделеужұмыстарын жүргізу.
5.Тәжірбие алмасу
6.Жеке,жұппен,топта шығармашылықты қолдана білу және оны тиімді жүзеге асыру.
Дамытушылығы:Bilgen OySana (Білген ОйСана) – Менталды арифметика, логикалық есептер жүйесіндегі методикаларды қолдана отырып, тастармен (есепшот) арифметикалық амалдарды есептеу арқылы баланың ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту бағдарламасы.Ерекше қабылеттерін байқап,одан әрі дамытамыз.
Тәрбиелілігі:Қазіргі жаһандық дамуда бәсекеге қабілетті, техникалық білікті ұрпақ тәрбиелеуде инновациялық методикаларды пайдалануға баса мән беріледі.Бала бойына салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарды қалыптастырамыз. Сол себепті Bilgen-oysana (Менталды арифметика, логикалық есептер, логикалық ойындар) бағдарламасы балалар ақыл-ойын дамытудың алғашқы баспалдағы ретінде қолданылады.
Менталды арифметика мидың екі жарты шарының қатар жұмыс жасауына ықпал етеді. Әдеттегідей бала көз алдына есепшотты елестетіп шығармашылық қабілеттеріне жауап беретін мидың Оң жақ жарты шарын іске қосады. Ал, елестетілген есепшотпен әртүрлі деңгейдегі арифметикалық есептерді шығарғанда бала өзінің аналитикалық және логикалық ойлау қабілеттеріне жауап беретін мидың Сол жақ жарты шарының дамуына жұмыс жасайды.
Қарапайым қосу-алу амалдарынан бастап күрделі арифметикалық амалдарға дейін меңгерту үшін деңгеймен оқыту жүйесі қабылданған. Оқу бағдарламасы 10 деңгейден тұрады. Әр деңгей 2 ай оқытылады. Әр деңгейді бітірген оқушы тесттен өтіп, деңгейді толық бітіргендігін растайтын сертификат алып отырады.
«BilGen Жылдам оқу» - BILGE Халықаралық Ақыл-ой Дамыту Орталығы жасөспірімдердің қарқынды дамуын негізге ала отырып жылдам оқуды, жіті түсінуді, жүйелі жеткізуді шешендік өнерді бойына сіңіре отырып, қазіргі таңға қажетті қас маман болып өзінің көздеген мақсатына, мүддесіне жетуді үйретеді. Бұл тұрғыда барлық халықаралық стандарттармен, дәстүрлік құндылықтар ескерілген.
Карточкамен жұмыс 
Оқушыларға бірнеше карточкаларды көрсетемін,оқушылар жауабын табады .Топпен жауап береді,содан соң жеке-жеке сұраймын.Магнитті тақтаны пайдаланады.

Кітаппен жұмыс.
Музыкалық әуенді тыңдап отырып, 5минутта есепшотпен сынып жұмысыншығарады.
Екі қолмен сурет салу

Мидың оң және сол жақ бөліктерін машықтандыратын ұтымды әдісǃМұндай тәсіл баланың есте сақтау қабілетін күшейтіп,интеллект деңгейін көтереді.Оқулықтағы суретті екі қолмен салады.
Сергіту сәті
Оқушы қиялына ерік берсең,кереметтей дүниелерді баламен бірге жасауға болады.Қол жаттығуларын жасаймыз.
Ойша есептеу
Слайдтан сандарды көрсетіп тұрады оқушылар жауабын ойша есептеп шығарады.Магнитті тақтаға жазады.
Абакуспен есеп шығару.Тақтамен жұмыс
Тақтаға оқушыларды шығарып абакуспен есеп шығарады.
Логикалық есеп
4 оқушы 1 оқушының алдында келе жатыр.
1 оқушы 4 оқушының артында келе жатыр.
1 оқушы 4 оқушының ортасында келе жатыр.
Барлығы неше оқушы келе жатыр?
Жауабы: 5 оқушы
Судокудың суреті
Судоку (жапон. 数独 су:доку?, айтылуы (ақп.) — «жалғыз сан») — сандары бар танымал бас қатырғыш. Сөзжұмбақтың түрлерінің бірі болып табылады. Жапоншадан аударғанда «су» — «сан», «доку» — «бөлек тұрған ». Кейде судокуды «сиқырлы шаршы», кейде латын шаршысы деп те атайды. Судокуды әлемнің әртүрлі елдеріндегі газеттер мен журналдар белсенді басып шығарады. Судоку жинақтары үлкен таралымдармен (тираж) басылыпшығарылады. Судоку шешу — бос уақыт өткізудің танымал түрі.
МЕНТАЛЬДЫ АРИФМЕТИКА КУРСЫНЫҢ ӨТІЛУІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Мақтаралауданыбойынша «Bilge- OySana» орталығыныңұйымдастыруымен (ментальды арифметика логикалықесептер, логикалықойындар) курсының 1-деңгейі өттіМентальды арифметика арқылы бала тек тез санапқоймай, фотографиялықжадыныжақсартады, аңғарғыштықжәне тез ойлауқабілетіжақсарады, дәлдікжәне тез реакция, шығармашылыққабілеті, соныменқатар осы қасиеттердіңжақсаруынәтижесіндебаланыңмектептегіүлгерімі де арта түседі.. Бірайдансоңнәтиженікөругеболады. Ауданымыздың мұғалімдерікурстың І-шідеңгейіноқып, ментальдыарифметиканымектепоқушыларыноқытубойыншасерификаттардыалды.

Қорытынды
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мақтап мадақтау.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив