10
март
2020
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығы
Мақсаты:
Білімділік: Школьникам қазақ тілі туралы мәлімет беру
Дамытушылық: Шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін, ойлау белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
І. Алғы сөз
1. Камшат: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар және оқушылар!
2. Ержан: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты апталықтың ашылу салтанатына қош келіпсіздер!
Камшат .АНА ТІЛІ
Ақыл-ойын адамның
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді. (Ә.Табылды)
Ержан. АНА ТІЛІМ
Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім – болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім – болмаса
Бүтінделмес кемдігім. (С.Кәттебайұлы)
Камшат. АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ
Ана тілі – біздің туған анамыз!
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ, қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
“Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз.
(М.Әлімбаев)
Ержан.
Туған тілім – бабам тілі - өз тілім.
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – далам тілі - өз тілім.
Туған тілім – адам тілі - өз тілім. (Д.Әбілев)
ІІ «Ана тілі – арың бұл» көрінісі
Орындықта ақсақал отырады. Оған біраздан соң екі, тегі ауыр, сөмкеден көтерген үш әже қосылады. Олар ақсақалмен амандасқаннан соң. Сондағы әңгіме. Бірінші әйел:
• Менің немерем осы жылы институтын бітіреді. Кеше қаладан келген. Жаңа телефонынан бізге институтта қатысқан іс – шараларын көрсетіп бір қуантты. Ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгеріп алыпты.
• Менің де балапаным кенде емес. Ол да осы жылы университетін бітіреді, - деп мақтанады екінші әйел. – Бұйырса бітіре салып үйленем дейді. Келінімнің фотосын да көрсетті.
Үшінші әйел: - Біздікі де оқу орнын осы жылы тәмамдайды. Баяғыша қарапайым, ауылдағы кезіндей аңқылдап тұр, - дейді
Екінші әйел:
• А, солай де. Менің ұлым орыс тілін де, ағылшын тілін де жақсы біледі. Өзі орысша сөйлессе, қызық екен.
• Менікі де сондай, - деп ілеседі бірінші әйел.
Бір кезде балалар көрінеді. Бірінің құлағында наушник, екінщісі телефонға үңіліп келеді. Әжелер мен ақсақалға жақындап:
• Саламатсыз ба, ата, - деп жеңіл қайырады біріншісі аузындағы сағызын шайналаңдап.
• О, аташка, қалыңыз қалай?, - деп амандасады екінші бозбала, - апашка, негып магазинде мені ждать етпедің? Сонда зрядан – зря барып, мына жарада гулятьтап қалдым ғой.
• Да, апа, мен де. Екеуміз бір темамен қалаға барайық деп сенен біраз мани сұрамақшы едім. А ты ушла. Айтпадың ба, ухожу деп, - деп айтады бірінші бала.
• Апа, шаршап қалдыңыз ба? Әкеліңіз сөмкеңізді өзім жеткізіп салайын, - дейді үшінші бала.
Осының барын үндемей бақылап тұрған қария:
• Түу, бағанадан мақтаған балаларын осы ма? Мыналарын орыстарға еліктейміз деп қазақша екі сөздің басып құрай алмай тұр ғой. Бұндай ана тілін сатқан балаларыңды мақтағанша жерге кіріп кетпедіңдер ме? Мен мына Күләштің немересіне ғана көңілім толып тұр. Болашақта өз туған жеріне, ана тіліне еңбек сіңіре алады деп ойлаймын, - деп тұрып кетіп қалады. Қалғандары орындарында ойға шомылып қалады.
Камшат.
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! (Қ.Мырзалиев)
ІІІ. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының жоспарымен оқушыларды таныстыру
2019 – 2020 оқу жылының 16 –21 қыркүйек аралығында өтетін қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының жоспары
р/с Іс-шара атауы
Іс-шара түрі Мерзімі Сынып Жауапты
1 «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» Апталықтың ашылу салтанаты 16.09 5-11 ӘБ. мүшелері
2 «Тілім – ажарым, асыл мұрам» Кітаптар көрмесі
Апта бойы 5-11 ӘБ.мүшелері
Кітапханашы
3 «Білімді ұрпақ – іргелі елдің кепілі»
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы» Кіріктірілген сабақ
Тәрбие сағаты 18.09 9
10 Таймуратова Г.
Туляева А.
Осимова Б.
4 «Тіл білгірі»
Сайыс сабақ
19.09 9-11 Таймуратова Г.
5 «Абайдың қара сөздері»
Апталықтың жабылу салтанаты Байқау
Қорытынды 20.09 5-11 Осимова Б.
Таймуратова Г.
VІ Қорытынды сөз
Құрметті оқушылар, қазақ тілі – біздің ана тіліміз, сол себепті қазақ тілін басқа тілдер арасында ерекше сүйіп қадірлеуіміз қажет. Ана тілімізге деген махаббатты осы апталық аясында жоспарланған барлық іс – шараларына белсене қатысу арқылы да білдіре аламыз деген ойдамын. Сондықтан осы апталықта сендерден белсенділік пен қызығушылықты, мәдениеттілік пен ыждахаттылықты күтеміз.